«Анаға тағзым» орталығындағы ашық есік күні

391

0

Сурет: Қала әкімдігі

Бүгін «Анаға тағзым» орталығында «Ұлықты әйел – ұлт ұйтқысы» атты аймақ әйелдеріне арналған ашық есік күні қызылордалық әйелдер делегациясының қатысуымен қорытындыланды.

Сыр аналарына арналған салтанатты шараның алғашқы кезеңінде облыс орталығының әжелері, қыз-келіншектері «Анаға тағзым» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады. Арнау арнап, думандатып, ашық есік күнінің мән-мағынасын арттырды.

Орталықтың табалдырығын алғаш аттаған аналар қауымы қазақы дәстүрмен шашу шашып, мұндағы қызметкерлердің қабылдауына ыстық ықыластарын жеткізді. Арнайы дайындалған көрмемен танысып, салт-дәстүрімізді дәріптеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Әжелерден құралған ансамбль Сырдың сұлуларына арнап ән шырқады, қырмызы қыздар этно стильдегі киімдер үлгісін көрсетті.Осы ашық есік күнінде қызылордалық аналарға, қыз-келіншектерге қала әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған қауым ерекше көңіл күймен тарқасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<