Ақиық ақынға арналған жыр кеші

409

0

Фото: автордан

Облыстық білім саласы ардагерлер кеңесі жанында 6 секция әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Соның бірі – «Ой қазына» әдеби-сазды демалыс орталығы. Мұнда елімізге танымал ақын-жазушылардың шығармаларын және басқа да қазақы құндылықтарды жан-жақты насихаттайды.

Орталық жетекшісі Рамза Ысмайылованың ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жыр кеші өтті.

Тағылымы терең жыр кешіне білім саласының ардагерлері мен орта буын ұстаздар және мектеп оқушылары қатысты.

Облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Бекенов жыл бойы атқарылған жұмыстардың барысына тоқталды. Сондай-ақ, ұйымдастырылып отырған жыр кеші туралы пікір білдірді.

Кеш барысында ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқылып, жыр жолдарына жазылған әндер шырқалды. Ал әдебиетшілер Мұқағалидің ақындық құдіреті мен оның өмірінен мазмұнды сырлар шертті.

Кеш соңында республикаға танымал ақын-сазгер, ардагер ұстаз Ділдаған Торғаева барша қатысушыларға тілек білдіріп, Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаев туралы орамды ойын жеткізді және бір өлеңін оқып берді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<