Армысың, Әз-Наурыз

209

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Наурызнама онкүндігіне сәйкес 19 наурыз – Жаңару күні.Жаңару – табиғат пен адамның жаңаруы, жанның тазаруы және таза өмірдің басталуы. Бүгін Қармақшы ауданындағы III Интернационал ауылдық округінде түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен «Армысың, әз-Наурыз» мерекелік шарасы өткізілді.

Шара барысында халқымыздың ежелден келе жатқан «Қыз ұзату», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Беташар» сияқты ұлттық дәстүрлерден әдемі көрініс қойылды. Ауыл жастарының қатысуымен күрес, арқан тартыс, асық ату, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ және басқада спорт түрлерінен сайыстар өткізілді.

Ауыл алаңында тігілген киіз үйлерді аралап, Жаңару күнін көпшілікпен қарсы алған аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов бірлігі мен тірлігі жарасқан III Интернационал ауылы жұртшылығын ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Думанды іс-шарада жүз шайыр елінің өнерлі өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып, көпшілік керемет көңіл күйге бөленді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<