Ashyq қосымшасына өзгерістер енгізіледі

419

0

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook парақшасында Ashyq қосымшасына енгізілетін өзгерістер жайлы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Енді Ashyq қосымшасындағы адамның мәртебесі жыпылықтап тұратын болады. Бұл өзгеріс адамдардың мекемелерге экрандағы скринді көрсету арқылы кіре алмауы үшін жасалған», делінген хабарламада.

Ashyq қосымшасын әзірлеушілердің жаңалықтары:

  1. Скрин жасауға тыйым салу;
  2. Мәртебе жыпылықтап тұрады;
  3. Есептегіш ашық түспен беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<