«Аshyq»: Қызылордада 362 заң бұзу фактісі тіркелді

762

0

Қызылорда облысында «Аshyq» жобасына қосылған нысандарда 362 карантин талабын бұзу жағдайы тіркелді. Оның ішінде 163 адам «қызыл» статус, 199 адам «сары» статус бойынша анықталды. Бұл туралы Қызылорда облысы Санитарлық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған «қызыл» мәртебедегі тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл салынды. Ал «сары» мәртебедегі карантин режимін бұзушыларға жеке қаулылар шығарылды. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар қоғамдық тамақтану орындарына, әуежай мен теміржол вокзалына, халыққа қызмет көрсету орындарына кіру кезінде анықталған», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі таңда аймақта 2808 нысан «Аshyq» жобасына қосылған. Күн санап аталған жобаға қосылушы нысандар саны артып келеді. Алайда өңір тұрғындары тарапынан карантин талабын бұзушылар да аз емес.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<