Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19,8 пайызға төмендеді

387

0

Жыл басынан бері 9 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Сәйкесінше, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік атаулы көмек алушылар саны 19,8 пайызға азайды. Осы жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев мәлімдеді.

– Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 14 133 балаға 454,1 миллион теңге қосымша төлем төленді. Әлеуметтік келісімшарт негізінде көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 1119 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 15 мыңға жуық адамға да әлеуметтік төлемдер төленді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<