«Сүйінші, көп тілеуі көл болды»: Төреғали Төреәлінің әйелі қуанышты хабарды жеткізді

7

0

Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарбекқызы. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделді)

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қызы Кәусар бес жасына дейін Қытайда ем қабылдап, бірнеше күрделі отадан өткен. Кейін де түрлі ем-дом шараларын жалғастырған.

Соңғы екі ай бойы Толқын Тұрарбекқызы қызымен арнайы жаттығулар жасаған. Ол Кәусардың жаттығу кезінде қиналған сәттері болғанын айтып, олардың барысын видеоға түсіріп отырған.

Енді Кәусар өздігінен еңбектей бастаған. Бұл жаңалықты өнер иесінің жары оқырмандарымен бөлісіп, сүйінші сұрады.

«Көп тілеуі көп болады демекші, сүйінші! Төрештің Кәусар қызы, тұңғышы Кәусар еңбектеді!» – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.