Атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

337

0

Сурет Қармақшы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасы

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы облыстық «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 122 тармақтан тұратын Жол картасы бойынша ауданға қатысты 69 көрсеткіштеріне сәйкес атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

2024-2027 жылдарға арналған Жол картасының орындалуына кеңірек тоқталған аудан басшысы:

– Жыл басында ауданның 2023 жылғы бюджет көлемі 11,6 млрд. теңге болып бекітілді. Бүгінгі күнмен аудан бюджеті 13,7 млрд. теңгені құрап тұр. Облыс әкімінің қолдауымен ауданға жыл басынан қосымша 3,6 млрд. теңге тартылып, оның ішінде аудан бюджеті 2,1 млрд. теңгеге өсті. Облыстық басқармалар арқылы 1,5 млрд. теңгенің жобалары қаржыландырылып, жылдық көрсеткіштерімізбен өткен жылдармен салыстырмалы түрде жоғары өсімге қол жеткізетін боламыз. Өз кірісіміз 1,9 млрд. теңгені құраса, тамыз айындағы мәслихат сессиясында Сіздердің келісімдеріңізбен 129,4 млн. теңгеге ұлғайтылып, жылдық жоспар 2,1 млрд. теңге болады деп күтілуде. Ағымдағы жылғы макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуында оң динамика қалыптасты. Аймақ бөлінісі бойынша тамыз, қыркүйек, қазан айларында біздің аудан үздік шығуда, –деді.

Мұнымен қоса аудан бойынша нақты орындалуға тиісті 61 көрсеткіштің талдау нәтижесінде жыл қорытындысымен орындалмай қалу қаупі бар жобалар бойынша жұмыс жасалатындығын айтты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<