Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

448

0

Сурет: Қалалық әкімдік

Бүгін қаланың екі нүктесінде, яғни Астана даңғылы мен Жанқожа батыр көшесінің бойында қала мен Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтуде.

Астана даңғылының бойындағы жәрмеңкеге Қызылорда қаласы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері шаһар тұрғындарына 40-тан астам өнім түрін ұсынуда.

Жалпы, 75 автокөлікпен барлығы 122,8 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді. Атап айтқанда, 10 т күріш, 25 т картоп, 15 т сәбіз, 20 т жуа, 6 т қырыққабат, 8 т асхана қызылшасы, 3 т сиыр еті, 1 т қой еті, 2 т жылқы еті, 1 т шұжық, 2000 л ағарған, 6 т балық және басқа да өнімдер базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада босатылды.

Таңмен таласа басталған жәрмеңкеге жиналған қала тұрғындары өзіне қажетті азық-түлікті қолайлы бағамен сатып алуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<