ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТУРАЛЫ

365

0

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына  қол қойылды.

Заңдар кәсіби бағалаушылар саласында бірнеше бағалаушылар палатасы базасында құрамында үш жүзден (300) кем емес жеке тұлға-бағалаушыны біріктіретін өзін-өзі реттеуді енгізу, бағалаушылар палатасымен жүзеге асырылатын сертификаттауды енгізу негізінде лицензиялардың күшін жоюды, палатаның және оның мүшелерінің тапсырыс берушілер мен үшінші тұлғалар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу мәселелерін көздейді.

Бағалаушылардың қызметін тексеру, «бағалаушы» және «эксперт» куәліктерін беретін біліктілік емтихандарын өткізу, бағалаушылардың стандарттары мен қағидаларын әзірлеу өкілеттіктері бағалаушылар палатасына беріледі.

Бағалау туралы есептің анықтығы жөнінде дау туындаған жағдайда қайталама бағалау жүргізудің орнына есептердің сараптамасын жүргізу есептерді даярлау сапасын арттыруға және бағалаушылардың тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бағалау кызметі саласындағы мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды Қаржы министрлігіне беру жөніндегі шаралар көзделген.

Жалпы Заңдар бағалау қызметі аясындағы мемлекеттік функциялардың қысқаруына  және саладағы өзін-өзі реттеудің дамуына, тұтынушылардың құқықтарын, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, бағалау қызметі субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бағалау сапасын арттыруға, сондай-ақ, бағалау қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге жәрдемдеседі.

Аталған Заңдар, ресми жарияланған күнінен үш ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін өзін-өзі реттеу ұйымдарының реестрін енгізу жөнінде Заңның 30-бабының 8) тармақшасынан басқа, ресми жарияланған күнінен алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, яғни Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы  2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау дегеніміз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау болып табылады.

Бағалау қызметінің негізгі қағидаттары заңдылық, объективтiлiк, анықтық, тәуелсiздiк, құпиялылық бағалау қызметiнiң негiзгi қағидаттары болып табылады.

   Бағалаушылар және бағалаушылармен еңбек шартын жасасқан заңды тұлғалар бағалау қызметiнiң субъектiлерi болып танылады және бағалаушы бағалау қызметiн жекеше практикамен айналыса отырып өзi дербес түрде, сондай-ақ бағалаушы мен заңды тұлға арасындағы еңбек шарты негiзiнде жүзеге асыруға құқылы.

    Ал бағалау объектiлерiне: біріншіден, жекелеген материалдық объектiлер (заттар), тұлғаның мүлкiн, белгiлi бiр түрдегi мүлiктi (жылжымалы немесе жылжымайтын) құрайтын заттар жиынтығы, оның iшiнде қараусыз қалған, иесiз қалған мүлiк, екіншіден «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жүргiзетiн, салықтық базаны айқындау кезiнде жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiн (тұрғынжай, саяжайлық құрылыс, шаруашылық (қызметтiк) құрылыс, iрге қабат, тұрғынжайдың жертөлесi, гараж), кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезiнде жер учаскелерiн қоспағанда, мүлiкке немесе мүлiк құрамындағы жекелеген заттарға меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, талап ету құқығы, мiндеттемелер (борыштар), жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат, сондай-ақ зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерi, азаматтық құқықтардың өзге де объектiлерi, оның iшiнде қараусыз қалған және иесiз қалған объектiлер жатады.

Бағалау түрлері мiндеттi және бастамашылық бағалау бағалаудың түрлерi болып табылады.
  Мiндеттi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес:
  Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мүлiкке салық салу, мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, сенiмгерлiк басқаруға не жалға (кейiннен сатып алатын жалға) беру үшiн жүргiзiледi.

Бұл нормалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекiтiп берiлген мүлiктi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң еншiлес ұйымдарына сенiмгерлiк басқаруға не жалға беру жағдайларына қолданылмайды.

Сонымен қатар ипотекалық қарыз беру кезiнде, сондай-ақ кепiлге қойылған мүлiктi өткiзу қажет болған кезде ипотекалық кредиттеу,  мүлiктi мемлекеттiк мұқтаждарға сатып алу және алып қою, сот орындаушысы жүргiзген бағалауға борышкер немесе өндiрiп алушы қарсылық бiлдiрген жағдайда борышкер мүлкiнiң құнын айқындау, мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктiң құнын айқындау үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiледi.

Бастамашылық бағалау бағалаушының аталған Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бағалау жүргiзуi жөнiнде тапсырыс берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледi.
      Бағалау жүргiзу құқығы сөзсiз құқық болып табылады.

Сонымен қатар аталған Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға мен тапсырыс берушi арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалау жүргiзу үшiн негiз болып табылады. Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге құнын айқындау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi орындауға мiндеттенедi, ал тапсырыс берушi осы көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.

 Аталған Заңға сәйкес бағалаушы бiр ғана бағалаушылар палатасының мүшесi бола алады. «Бағалаушы» бiлiктiлiгiн беру туралы куәлiк және экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық үшiн, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшiн алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы бағалаушылар палатасына мүшелiктiң мiндеттi шарттары болып табылады.

 Бағалаушылар палатасына мүшелiкке кiру үшiн жеке тұлға өтiнiштi, жеке басын куәландыратын құжатты, «бағалаушы» бiлiктiлiгiн беру туралы куәлiктi, экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық үшiн, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшiн алынбаған және жойылмаған сотталғандығының болмауы туралы анықтаманы; бағалаушылар палатасы белгiлеген өзге де құжаттарды ұсынады.

  Аталған ережелердiң сақталмауы бағалаушылар палатасына мүшелiкке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

  Өтiнiш иесi бағалаушылар палатасының тиiстi бағалаушылар палатасына мүшелiкке қабылдаудан бас тарту жөнiндегi әрекеттерiне бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.

        

А.Косбергенова 

Қызылорда облысының 

Әділет департаментінің

бөлімінің басшысы,

ҚР Заңгерлер одағының мүшесі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<