Бала тілін тапқан ақын

1273

0

«Балалар әдебиеті жылы» аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында балалар ақыны, ғалым, ұстаз Рахат Наурызбаеваның «Бала тілін тапқан ақын» атты шығармашылық кеші өткізілді.

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қатира Жәленова, Қорқыт ата атындағы университетінің аға оқытушысы Айжамал Абуова, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлсім Ибрашева, сазгер Ләйла Сүйінбаева, «Ансар-Каусар» жеке бастауыш мектебінің, Қ.Қаракөзов атындағы №235 мектебінің, Ә.Кұдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебінің оқушылары, «Сыр еркесі» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысты.

Іс-шараға қатысқан балалар ақын Рахат Наурызбаеваның білімге, еңбекке, иман­дылыққа баулыған өлеңдерін жатқа оқып, «Дәптер» шығармасы бойынша қойылым сахналады.

Шығармашылық кеш барысында ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, соңында қатысушылар жазушының шығармашылығына арналған «Балғындарға жыр сыйлаған» атты кітап көрмесімен танысты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<