«Баладан − балаға»

804

0

Дәл осындай атпен «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі акция ұйымдастыруда.

− Жаңа жыл балалардың асыға күтетін мерекесі. Жарыса тақпақ айтып, Аяз атадан сыйлық алып шаттанып қалады .Мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі балалар сау балалардың өздеріне дос екенін сезінсе, сау балалардың мүгедек балаларды құрметтей білуге баулысақ, достық, ынтымастық, тең әрі кедергісіз орта қалыптастыру. Мектеп оқушылары да, ата-аналары да акцияға қолдау білдіріп үйден оқытылатын балаларға сыйлық сыйлап жаңа жылымен құттықтауға ниет білдірді − дейді бірлестік жетекшісі Сәкен Алдашбаев.
Акцияға бұған дейін Текей Есетов атындағы №264 мектеп лицейінің 7 б сынып оқушылары, С. Толыбеков №3 IT мектеп-лицей, 5 Д және 7 б сыныбы, №218 орта мектептің 1-сынып ата-аналары атсалысқан. Баладан балаға базарлық жеткізетін акция алдағы күндері де жалғасын таппақ. Балақайларға қуаныш сыйлау акциясына барлық тұрғындар үлес қоса алады дейді ұйымдастырушылар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<