Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтайды.
Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал елдің шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Тек батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Сонымен қатар Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді.
Күндіз ауа температурасы:
батыста және солтүстік-батыста +38…+43°C;
солтүстікте +30…+35°C;
орталықта +28…+39°C;
оңтүстікте +36…+41°C;
оңтүстік-шығыста +29…+37°C;
солтүстік-шығыс пен шығыста +23…+32°C болады деп күтіледі.
Айта кетелік бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауады.






