Баланың функционалдық сауаттылығын арттырудағы математика пәнінің орны

42

0

Бүгінде «Математиканың бала сауатына нендей әсері бар?» деген сауал жиі қойылады. Бұл сұраққа жауап табу оңай. Ол үшін ғылыми дәлелдеген бірнеше себепті айту жеткілікті екені аян. Соның ішінде логикалық, психологиялық аспекттерді қапы жібермей тарқатып көрелік.

Алдымен математикаға жақын бала кез келген салада өзін еркін сезініп, жеңіл үйренсіп кетеалады. Пән тез шешім қабылдауға, күнделікті кездесетін күрделі мәселелерге бейтарап қарауды, дұрыс шешім шығаруды қамтамасыз етеді десек, артық емес. Баланың зейінді ойлау қабілетін дамытуда математикалық есепті шығарудың септігі көп. Оған жауапкершілік пен тиянақтылықты қоссаңыз, математиканың берер пайдасы бірден аңғарылары сөзсіз. Бастысы, есептің шешімін тауып аяғына жеткендей, бала кез келген істі аяғына апара алады.

Ал математика баланың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін қандай қадам қажет? Мәселе осында. Алдымен оқушының жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттыру керек. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Балалардың білімді меңгеру үрдісі негізінен қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу компоненттерінен тұрады. Балаларды логикалық ойлаудың тәсілдеріне үйрету керек, онсыз оқу материалын қабылдау мүмкін емес. 

Сондықтан математикалық дайындық логикалық ойлау және көңіл бөлумен байланысты. Әсіресе, есте сақтау жаттығулары, ой-өрістідамытатын тапсырмалар, логикалық есептер үнемі тәжірибеде болуы шарт. Бұл оқушы үшін де, мұғалім үшін де маңызды фактор. Себебі аталған тапсырмалар математика саласына ғана көмектеспейді, күнделікті өмірде толымды әрі дұрыс шешім шығаруға көмегі зор.

Сондай-ақ логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл балалардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер балалардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. Сонда ғана функционалдық сауат пен жан-жақты білім тоғысады.

Гүлзат ШАМШАТОВА,

Қармақшы ауданы Төребай би ауылы 

№199 орта  мектебінің математика пәні мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<