Бақылау күшейеді

278

0

Прокуратура биылдан бастап азаптау фактілері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл ретте облыстық прокуратура бастамасымен жедел мәжіліс өткізілді.

Оған облыс прокурорының орынбасары Б.Мырзабаев және құқық қорғау органдарының басшылары мен жеке құрам қатысты.

Бас Прокурордың азаптау фактілерін тексеру бойынша өткен жылы 31 желтоқсанда №264 нұсқаулығы қабылданған. Осыған сәйкес биылдан бастап азаптау туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексерілуін прокуратура органдары жүргізеді. 

Жедел мәжілісте құқық қорғау органдарымен бірге осы жұмыстардың жүргізілу тәртібі, іс-шаралары талқыланып, түсіндірілді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және жаңа нұсқаулықты орындау мақсатында түзеу мекемелерінде үздіксіз бейнебақылау жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Қазірдің өзінде құқық қорғау органдарының ғимараттары мен тергеу орындары бейнебақылаумен толық қамтылған. Осы техникалық мүмкіндік арқылы прокурорлар әрбір жағдайды тікелей бақылап, азаматтардың құқығын қорғау үшін тиісті шаралар көре алады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<