Басқармада жаңа басшы

799

0

Қазақстан Республика­сының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен Мақашов Сұлтан Ысқақұлы Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Сұлтан Мақашов 1961 жылы туған, Қазақ химия-техно­ло­гия­лық институтын «Инженер-құ­рылысшы» және Қы­зылорда экономика, экология және құқық ака­­демиялық университетін «Заң­гер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Жаңа­қазалы коммуналдық кәсіп­орындар комбинатының слесарі ретінде бастаған.

1984-1994 жылдары №1604 жылжымалы механи­калан­дырыл­ған колон­нада монтажник, №86 жылжымалы механи­ка­лан­дырылған колоннада бри­га­дир, шебер, аға прораб және 2 азаматтық құрылыс мекемесінің бас инженері, бөлім бастығы;

1995-1996 жылдары Қазалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі;

1996-2012 жылдары «Қызыл­орда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Қазалы филиалының директоры;

2012-2019 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қармақшы ауданының әкімі;

2019-2020 жылдары Жаңа­қорған ауда­нының әкімі болып қызмет атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<