Берекелі Бесарықтағы ілкімді істер

198

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, «Бесарық» ауылындағы жобалармен танысты.

«Бесарық» – «Үлгілі елді мекен» байқауында жеңімпаз болған ауыл. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіндегі көптеген мәселенің шешімі табылған. Биыл да бірқатар тың жоба қолға алынған.

Алдымен аймақ басшысы «Абай-Дәулет» ЖШС бастамасымен негізі қаланған фри зауытының және супермаркеттің құрылыс алаңына барды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдауында өндірісті, шағын және орта кәсіпкерлікті жүйелі түрде дамытып, бәсекелестік арқылы бәріне бірдей мүмкіндік беру қажеттін атап өтті. Аймақта осы бағыттағы ауқымды істердің өрісі кеңеюде. Өткен жылы Қызылордада серіктестіктің «Kaz Fries» мұздатылған фри өндірісі зауыты пайдалануға берілгені белгілі. Жаңа зауыттан шыққан жартылай дайын өнім қолжетімді бағада халыққа ұсынылды. Сондай-ақ, көрші өңірлерге, шет елдерге экспортталуда. Фри зауытында сағатына 300 келі өнім шығарылады. Өндірісте 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Алдағы уақытта осындай фри өндірісі «Бесарықта» да болады. Мұнан бөлек, серіктестік ауыл тұрғындары үшін заманауи сауда үйін салуда.

«Бесарықтағы» мәдениет үйіне барған аймақ басшысы мұндағы жұмыстармен танысты. Ауылдық мәдениет ошағының 1979 жылы салынған бұрынғы ғимараты қайта жаңғыртылуда. Ғимараттың заманауи талаптарға сай болуына басты назар аударылған. Көрермендер залының төбесі, сахналық төсеніші, пердесі, орындығы жаңартылып, музыкалық аппаратура, ЛЭД экран алынады. Жаңа үлгідегі жарықшамдар орнатылады. Сонымен қатар, мәдениет үйіндегі кітапхана қайта жабдықталады. Жөндеу жұмыстарына «Абай-Дәулет» ЖШС демеушілік еткен.

Ауылдағы орталық алаңды жөндеуге де серіктестік 65 млн. теңге қаражат бөлді. Алаң ортасына субұрқақ, «Ана бақыты» мүсіні орнатылған.

Аймақ басшысы аудан әкімі Берік Сәрменбаевқа ауылдағы нысандарды мерзімінде салып бітіру, олардың сапасын жіті қадағалау туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, ғимараттар аумағы абаттандырылып, көгалдандырылуы тиіс.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<