Берекелі, мерекелі жәрмеңке

233

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов жәрмеңкеге қатысып, шаруа өкілдерімен пікірлесті.

Аудан шаруалары 26,5 тоннаға жуық ауыл шаруашылығының өнімдерін тұрғындарға нарық бағасынан 15 пайызға төмен бағада ұсынды. Оның ішінде 13 тонна күріш, 8 тоннаға жуық бақша өнімі, 1,5 тонна пияз, 1 тонна ет пен балық өнімдері және 3 тонна көкөніс өнімдері бар.

Жәрмеңкеде өңірлік тұрақтандыру қорынан жеткізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері төмен бағада сатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<