«CHINA GLASS HOLDINGS LTD» компаниясының президентімен кездесті

603

0

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Н.Нәлібаев «China Glass Holdings LTD.» компаниясының президенті Лю Гуо мырзамен кездесті.

Кездесуде былтыр қазан айында Қызылорда облысында іске қосылған еліміздегі алғашқы шыны зауытының жұмысы талқыланды. Қуаттылығы 197,1 мың тонна шыны өндіретін кәсіпорын іске қосылғаннан бері 102 мың тонна шыны өндіріп, оны Қазақстанның барлық өңірлеріне және Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға жеткізуде.
Шыны зауыты облыстағы құрылыс саласының дамуына тың серпін беріп, ішкі нарықтың 70% және алдағы уақытта Орталық Азия мен Кеден Одағы елдерінде 30% үлесін иеленеді деп күтілуде.

«China Glass Holdings LTD.» компаниясының президентімен кездесуде облыс әкімі шыны зауыты айналасында шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін құру бағытындағы жұмыстарды талқылады.

Нәтижесінде, қытайлық тараппен бірлесіп, қуаттылығы жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі жобасын іске асыру бойынша екіжақты Меморандумға қол қойылды. Аймақ басшысы әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие заманауи өнім Қызылорда облысының экономикалық дамуына зор септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Одан бөлек, облыс әкімі шыны зауыты айналасында қосылған құны жоғары түрлі шыны бұйымдары өндірістерін, ультражұқа шыны, автокөлік айналары және т.б. жобаларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер бар екендігін жеткізді.

Кездесу соңында аймақ басшысы әкімдік тарапынан өзара тиімді байланыстардың маңыздылығын растай отырып, одан әрі бірлесіп жұмыс жасауға, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірдi.

Еске салсақ, 6-8 шілде күндері Пекин қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация шетелдік инвестицияларды тарту және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында қытайлық компаниялармен екіжақты кездесулер өткізеді.

Қызылорда облысы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<