Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді – Қазгидромет

244

0

Қазгидромет 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Салқын Атлантикалық антициклон, Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады. Енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде температураның төмендеуіне алып келеді. Оңтүстікте термометрлер күндіз 22-30 градус, оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады. Ал шығыста 15-25 градус жылы болады. Бірақ солтүстік аймақтар аздап жылынуды күтуде. Мұнда температура 23-28 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысына ғана, Иран аудандарынан келетін жылы және құрғақ ауа массалары, жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және температураның негізгі аясын 32-40 градус аралығында болады»- делінген Қазгидромет хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз