Дүние дүрмек

464

0

Тұрғын үй дағдарысы

Англияда жергілікті билік тұрғын үй дағдарысын еңсере алмағандықтан, үйсіздердің саны шамамен 7 пайызға өскен.

Манчестер баспанасыздардың саны бойынша көш басында тұр. Жергілікті қайырымдылық ұйымдары қаланың әрбір сексенінші тұрғынының тұрақты мекен-жайы жоқ деп мәлімет таратты.

Бұл дағдарыс жеке сектордан пәтер жалдау ақысын да күрт өсіріп жіберді.  Тұрақты жұмыс істейтін адамдардың өзі үй жалдаудан қиындық көріп отыр. Муниципалды тұрғын үйдің бағасы арзан болғанмен, оны ұзақ уақыт күту керек. Өйткені арзан баспанадан үміткерлер өте көп.

Үйсіздер туралы деректер жарияланған соң, елдің қайырымдылық ұйымдары тұрғын үй жәрдемақысының көлемін ұлғайту қажеттігін айтты. «Тұрғын үй жәрдемақыларын өсіруге тыйым салып тастады. Инфляцияға байланысты пәтер жалдау ақысы өсті, бірақ жәрдемақы өзгеріссіз қалып отыр. Олар баспанасыздарды қолдауға арналған еді. Бірақ қазір көлемі аз. Үкімет жәрдемақыны мүмкіндігінше тезірек көтеруі керек», дейді Ұлыбританияның баспанасыздарды қолдауға арналған қайырымдылық ұйымының атқарушы директоры Полли Нит.

Технологиялық импланттар орнатқан

АҚШ тұрғыны денесіне 52 технологиялық имплант орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Анастасия Син денесінде салынған чиптердің көмегімен компьютерді қосып, оның кодын аша алады. «Қызым денесіне микрочип орнатса, ойындағы қыздар сияқты компьютердің кодын аша алатынын айтып, рұқсат сұрады. Ал мен оны алдымен өзім қолданып көріп, қауіпсіз екенін анықтауым керек дедім» деді ол.

Әйелдің айтуынша ол микротолқынды пештің көп радиация шығарып жатқанын сезеді.  Ол кезде қолы дірілдейді екен. Сондай-ақ қабырғаның артындағы электр сымдарын да сезе алады. Импланттарын пайдаланып телефон соғады. «Сол білегім қызыма, оң білегім күйеуіме қоңырау шала алады» дейді.

Бірақ рекордшы денені имплантациялау қаупі туралы да ескертті.

Ташкент алақандағыдай көрінеді

Бүкіл Ташкент алақандағыдай көрінетін мейрамханасы, люкс пәтерлері мен тұрғындарға арналған 33 қоғамдық аумақтан тұратын Өзбекстандағы ең биік зәулім ғимарат Nest One кешені ашылды. Ғимараттың биіктігі 267 метр,  құрылысына 27 000 тонна темір, 150 000 тонна бетон жұмсалған.

Құрылысы 2019 жылы басталған кешенді салуда ең соңғы әлемдік технологиялар пайдаланылған. Бұл әлемдегі ең қауіпсіз зәулім ғимараттардың бірі болып саналады. Өрт қауіпсіздігі барлық халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған.

Nest One  кешенінде барлығы 1029 пәтер және 29 жоғары жылдамдықта тасымалдайтын лифт бар. 20 VIP пәтер бұлт астында, 41-50-қабаттардың арасында орналасқан. Люкс апартаменттердің көпшілігі қазірдің өзінде сатып алынған.

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<