Дзюдодан республикалық турнир басталды

349

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Бесарық ауылында дзюдодан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Абай – Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел спортын дамытуға айрықша басымдық беріп келе жатқанын, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен облыста жаңа спорттық нысандар салынып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, «Абай-Дәулет» жүлдесі үшін жыл сайын дәстүрлі түрде республикалық турнир өтетінін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық іс-шарада облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айекешов, облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті И.Ысқақұлы және «Абай – Дәулет» ЖШС директоры М.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйледі.

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Өзбекстан мемлекетінен және еліміздің 12 облысы мен 3 қаласынан 650-ге жуық спортшы қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<