Егін орағы бел ортасынан ауды

286

0

Бүгінде егіс алқаптарында қарбалас тіршілік. Диқандар күрішті ысырапсыз жинап алу жолында еңбек көрігін қыздыруда. Қазір егін суы толық байланды.

Биыл облыста 89 мың гектар күріш егілді.  Облыстық ауыл шаруашылығы және жер басқармасының 28 қыркүйектегі мәліметіне сүйенсек, 53,3 мың гектары  (59,8%-ы) орылып, оның 43,3 мың гектары (81,2%-ы) бастырылды. Қамбаға 222 мың тонна күріш жиналды. Орта өнім гектарына – 51,3 центнерден. Егін жинауды 10 қазанға дейін аяқтау көзделіп отыр.

Ал ерте егілген дақылдарды жинау жұмыстары толық аяқталды. Атап айтқанда, 4,3 мың гектар күздік бидайдан 7 мың тонна өнім жиналды. Орта өнім гектарына 16,2 центнерден келіп отыр. Оған қоса 4,4 мың гектар жаздық бидайдан 3,2 мың тонна (орта өнім гектарына 7,2 центнер), 365 гектар жаздық арпадан 209 тонна (орта өнім гектарына 6 центнер) өнім қамбаға құйылды.

Сондай-ақ, егілген 4,2 мың гектар мақсары, 64 гектар соя толық жиналды. Ал күнбағыс жинау жалғасуда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<