​Су қоймалары тасқын суды қабылдауға дайын

683

0

Еліміздегі барлық су қоймаларында су тасқынын қабылдауға арналған сыйымдылық қоры бар, деп хабарлайды Egemen.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасында тікелей эфир барысында «Қазсушар» РМК Эксплуатация және су пайдалану бөлімінің басшысы Ербол Салықбаев хабарлады.

Оның айтуынша, тасқыны кезеңі оңтүстік аймақтарда қаңтардың айының соңынан басталып, наурыздың басына дейін, ал қалған аймақтарда наурызда басталып, сәуірдің аяғына дейін жалғасады. Республика бойынша су тасқыны кезеңі орта есеппен 4-5 айға созылады.

Көктемгі су тасқыны кезеңінің өтуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл ауа-райы, қар қоры, объектілердің тасқын суларды өткізуге дайындығына байланысты. Сондықтан, «Қазгидромет» алдағы көктем мезгіліне болжам жасап отырады.

«Ақпан айында «Қазгидромет» көктемгі су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталатын ылғал қорының көлемі мен топырақтың қату тереңдігі туралы хабарлай бастайды. Сондай-ақ, су тасқыны кезеңінде қауіпті гидрологиялық құбылыстарды уақтылы анықтау, гидротеникалық құрлыстар жағдайын бақылау үшін «Қазгидромет» деректерді алдын ала жіберетін болады, соның негізінде су қоймаларының жұмыс режимі түзетіледі», деді Ербол Салықбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<