Елорда төрінде Қазалы өнімдері

1077

0

Арқа төрінде Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр диқандары мен тауарөндірушілері 40 жүк көлігімен 160 млн. теңгенің 450 тоннадан астам өнімдерін тұрғындарға ұсынуда. Атап айтқанда 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 230 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері жеткізілді.

Молшылық мерекесіне Қазалы ауданының шаруалары 35 тоннаға жуық азық-түлік әкелді. Атап айтқанда, 10 тонна балық пен шұжық өнімдері, 24 тонна қауын қарбыз, 2 т Қазалы кәмпиті, 2,5 т сүт пен 5 тонна ет өнімдері саудаға шығарды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<