Еш алаңсыз есірткі таратып жүрген

479

0

Қызылордада синтетикалық есірткі заты салынған 42 дана ораманы таратқан курьер ұсталды.

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала көшелердің бірінде аса ірі көлемде «Пирролидиновалерофенон» есірткі затын жасырын таратып жүрген облыс тұрғынын құрықтады.
Күдіктінің өзінің мобильді қосымшасы арқылы әлеуметтік желіден тапсырыс алып, оларды қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырғандығы анықталды. Полицейлер оны синтетикалық бетбелгі (закладка) қалдырып жатқан жерінен ұстады. Айғақ зат ретінде барлығы 42 дана синтетикалық заты бар орама алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қызылордалық полицейлер соңғы бір ай көлемінде аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі сатудың екінші дерегін анықтап жолын кесті.

                  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<