Есірткісіз болашақ

1778

0

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» және «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналып, балалар арасында «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында сурет салу байқауы өтті.
Байқау онлайн форматта ұйымдастырылды. Балалар өз жұмыстарын мессенджерлер арқылы жіберді. Жеткіншектер өз суреттерінде «Есірткісіз өмір сүру деген не?» деген сұраққа жауап беруге тырысып, суреттерін салуға өте тиянақты қарады. Қойылған сұраққа бірнеше жауап алынды, шығармашылық көрме экспозициясы 25 балалар жұмысынан құрылды.


Аталған байқау алдағы уақытта осындай іс-шараларды өткізу үшін оң нәтиже көрсетті. Барлық жас суретшілер сыйлықтар мен алғыс хат алды.
Байқауға «Атамекен» балалар ауылының, «Қызылорда еріктілері» қоғамдық бірлестігінің, «Спорттық туризм және туристік көпсайыс жастар федерациясының» және полиция қызметкерлерінің балалары тартылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<