Газ есептегіш ауыстыру ақылы ма?

304

1

Қызылорда қаласында электронды газ есептегіш құрылғысы механикалық жүйеге өткізілуде. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы өтім және газ режимі қызметінің басшысы Жолдас Әженов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 14 мыңнан астам тұтынушы осындай есептегішке қосылған. Құрылғыны механикалық жүйеге өткізу үшін 104-ке немесе 8 771 012 12 11 нөмірі арқылы колл орталыққа хабарласу керек. Сонымен қатар, orda-ktga@mail.ru электронды поштасына жазбаша өтінім жолдауға болады.

– Ақысыз өткізіп береміз. Электронды газ есептегіштер ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты батареясы тозып, істен шығуда. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында тұрғындардан механикалық жүйеге көшуге кеңес береміз, – деді Ж.Әженов.

Механикалық жүйенің тағы бір артықшылығы, тұрғындар kaspi.kz, homebank.kz ұялы қосымшалар арқылы және Qiwi, Касса24 терминалдары арқылы төлем жасай алады.

Пікірлер:
  • 20.01.2019 жылы электрондық газесептегіш тырсылдап дыбыс шығарып тез айналдыра бастады. Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 51 үйдегі газ участогына тапсырыс бердім. Ұзын сөздің қысқасы механикалық есептегішке ауыстыру 30-40 мыңға түсті. Егер бұл шара ақысыз жүргізілуге тиіс болса маған ол шығынды қайтарады ма.

Пікір жазыңыз