«Халық заңгері» біріңғай науқаны өтті

623

0

Қызылордада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.

         Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат өңіріміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация алуға қол жеткізді.

         Іс-шараға жергілікті атқарушы және құқыққорғау органдары, орталық мемлекеттік органдардың облыстық департаменттерінің басшылары, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 40-тан астам кеңесші маман қатысты. Олар 70-ке жуық облыс тұрғынына туындаған мәселелері бойынша тиісті кеңестер берді.

         Акцияға келген облыс тұрғындарының көпшілігі денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер және прокуратура органдарының мамандарының көмегіне жүгінді.

         «Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шара азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Құқықтық ағарту азаматтарға мемлекеттік органдардың қызметін және қызметтерді алу тәртібін жақсырақ түсінуге мүмкіндік бере отырып, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің маңызды шарты болып табылады» – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков.

         Акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<