«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталды

519

0

Қызылордада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталды.

         Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат өңіріміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация алуға қол жеткізді.

         Іс-шараға жергілікті атқарушы және құқыққорғау органдары, орталық мемлекеттік органдардың облыстық департаменттерінің басшылары, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 40-тан астам кеңесші маман қатысуда. Олар облыс тұрғынына туындаған мәселелері бойынша тиісті кеңестер береді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<