iPhone 12 денсаулыққа зиян деп танылды

488

0

Apple өзінің ресми сайтында iPhone 12 смартфондарының денсаулыққа зиян келтіретін магниттермен жабдықталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Heart Rhythm» ғылыми журналында смартфонды жылдам қуаттау үшін орнатылған MagSafe магниті кардиостимулятордың жұмысына кедергі келтіруімен қатар, оны өшіруі мүмкін деген пікірлер айтылды.

Генри Форд атындағы жүрек-қан тамырлары институтының ғалымдары бірқатар эксперимент жүргізіп, олардың болжамдары расталды. Ғалымдар iPhone 12 смартфонын Medtronic кардиостимуляторы қойылған науқастың кеудесіне жүрекке жақын етіп орналастырған. Нәтижесінде, iPhone таратқан магнит өрісі кардиостимуляторды өшірді.

Бір қызығы, 12-ші iPhone өндірушісінің өзі оның қаупі туралы ескертіп отыр.

«iPhone-да магниттер мен электромагниттік өрістер шығаратын компоненттер бар. Олар медициналық құрылғылардың жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін», делінген өндірушінің ресми сайтында.

Медициналық құрылғыларға кедергі келтірмеу үшін Apple компаниясы жаңа iPhone құрылғысын олардан алыс ұстауға кеңес береді.

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз