Каспий теңізі маңында жер сілкінді

222

0

Фото: pexels.com

Каспий теңізіне жақын аумақта жер сілкінісі сезілді. Сейсмикалық станциялар желісі бүгін түнгі 00:09–да жерасты дүмпулері болғанын мәлімдеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа бағытқа қарай 1913 шақырым жерде орын алды. Дүмпудің энергетикалық деңгейі — 9,6, MPV магнитудасы — 4,4 болды — деп жазылған сейсмикалық станциялар желісі таратқан ақпаратта.

Аталған жағдайдың еліміздің аумағында сезілгені туралы мәлімет әзірге айтылған жоқ.

Бұған дейін Каспий теңізінде Нардаран станциясынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<