Конго-Қырым қызбасы: 115 елді мекен есепке алынды

287

0

Аймақта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шарасының жаңа кезеңі басталды. Бүгінде облыста 115 қолайсыз елді мекен тізбесі бекітіліп, тиісті жұмыс атқарылуда. Бұл туралы өңірлік  коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова хабарлады.

– Ақпан айында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Оған қоса облыс әкімінің тапсырмасымен кенеге қарсы жұмыстардың сапасы мен тиімділігін бақылайтын жұмыс тобы құрылды. Жүргізілген бақылау нәтижесінде Арал ауданында 11, Қазалы, Қармақшы аудандарында 16, Жалағаш, Сырдария аудандарында 11, Жаңақорған ауданында 18, Шиелі ауданында 20 және Қызылорда қаласында 16 елді мекен есепке алынды, – деді  департамент басшысы.

Қазір аталған жұқпалы аурудың алдын алу үшін кенеге қарсы залалсыздандыру жұмысын жүргізу жоспарланған. Екі кезеңнен тұратын өңдеудің алғашқы кезеңі сәуір айының бірінші онкүндігінде жүргізілмек.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<