Криштиану Роналду 30 метр қашықтықтан гол салды

2901

0

Сурет: ашық дереккөз

Сауд Арабиясы чемпионатының кезекті турында «Әл-Наср» өз алаңында «Аль-Ахдудпен» ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тартысты өткен додада алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жасыл алаңдағы жарыс барысында Криштиану Роналду екі рет гол соқты. Әсіресе, португалиялықтың екінші голы көпшіліктің есінде қалатыны сөзсіз. Роналду қақпаға ала допты 30 метр қашықтықтан дөп соқты.

«Ұмытылмас сәт», – деп жазды мұны Әл-Насыр футбол командасы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін 38 жастағы португалдық футболшы 2023 жылы өз клубы мен Португалия құрамасы үшін матчтарда 48 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Осылайша, Роналду өз мансабында оныншы рет гол+пас жүйесінде 60+ ұпай жинады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<