Майдан шебінен – Қызылордаға

393

0

Майдан даласынан жүздеген жұмысшыларымен эвакуацияланған өнеркәсіп орындары 1941 жылдың аяғында Қызылордаға келе бастады. Оларды орналастыру үшін жергілікті басшылық облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінің ғимараттарын босату жөнінде шешім қабылдады. Көшіп келгендер үшін 105 мың сомға тұрғын үйлер салынды.

Осы жылдың желтоқсанына дейін сырттан келген 20 мың адамның 7223-і жұмысқа орналастырылды. Оларға 101-466 сом мөлшерінде ақшалай жәрдем, 60 мың сомның тауарлары бөлінді.

Қазақстанға көшірілген 142 кәсіпорынның 11-і Қызылорда облысына келді. Москваның «Реммашпуть», Харьковтың Дзержинский атындағы электротехникалық және екі балық консервілейтін зауыты, «Челюскинец» артелі тез іске қосылып, өнім бере бастады.

Жосалыда Харьков пен Мәскеуден көшірілген «Эмальштамп» пен  механикалық  зауыттары орналастырылып, монтаждау жұмыстары жедел жасалып, іске қосылды.

Мәскеудің «Парижская коммуна» аяқ киім фабрикасының жабдықтары Қызылорда қаласына орнықты. Мұнда күніне 2400 аяқ киім тігіліп, тапсырма артығымен орындалып отырды.

Көшіп келген кәсіпорындар облыстың өндірістік-техникалық дамуының негізін қалады. Соның арқасында өнеркәсіптің әртүрлі салалары құлашын кең жайып, облыс экономикасын өрге бастыруға сүбелі үлес қосты. Ауыл шаруашылығына бағытталған өңір соғыс жылдарында индустриалды облысқа айналып, ерекше рөлге ие болды. Металл өндірісінің жалпы үлесі 22,7-ден 39 пайызға, тігін бұйымдарын шығару 3,6-дан 5,7 пайызға өсті. Өндіріс орнындағы қызметкерлер мен жұмысшылар саны 12 мың адамға көбейіп, жылдық жалпы өнім 53 мың 551 сомға жетті.

Арнайы жер аударылған неміс ұлтын аудандар бойынша орналастыру, азық-түлікпен, тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім 1942 жылы 16 наурызда қабылданды.

Облыстық архив қорынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<