МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЫЛҒЫ БАСТЫ ӨЗГЕРІСТЕР

303

0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ха­лық­тың жұмыспен қамтылуы мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Заңына орай «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар ен­гізілді:

1. Әлеуметтік төлемдерді төлеу­шілер біріздендірілді: жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ҚР Салық кодексіне сәйкес, жеке практикамен айналысатын адамдар категориясына жатқызылды.

2. Әлеуметтік аударымдарды тө­­­леу­шілер категориясы «Салық және бюджетке төленетін басқа да мін­детті төлемдер туралы» ҚР Ко­дексінің 774-бабына сәйкес бір­ың­­ғай жиынтық төлемді төлеуші бо­­лып табылатын жеке тұлға болып кеңейді.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 20 пайызды құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлемді тө­леушілер болып табылатын жеке тұл­ғалар үшін әлеуметтік ау­да­рым­­дарды есептеу объектісі – рес­публикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, Астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері  болып табылады.

3. Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қорына (МӘСҚ) бір төлеу­шіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғарғы объектісі  тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен жетіге дейін азайтылды. 

01.01.2019 ж. бастап  1 МЗП = 42 500 теңге.

2019 жылы әлеуметтік аударым­дардың ең жоғары мөлшері 3,5% * (7 * 42 500 теңге) = бір төлеушіден айына 10 413 теңгені құрайды.

Бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ең төменгі мөлшері 1 ЕТЖ деңгейінде сақталып қалды. Сәйкесінше, 2019 жылы әлеуметтік аударымдардың ең төменгі сомасы 3,5% * 42 500 теңге = айына 1 488 теңгені құрайды.

4. Еңбек ету қабілетінен айырылуы және асыраушысынан айы­рылу жағдайларына әлеуметтік төлемдердің мөлшерін анықтағанда қолданылатын орташа айлық табыс­тан шегеру мөлшері  ЕТЖ-ның 80%-нан 55%-ға дейін төмендеді. 

5. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үшін әрбір айдағы табыс ең төменгі жалақы деңгейіне жеткізіледі. Бұл бір айдағы табыс жүйенің барлық қатысушылары үшін түскен әлеуметтік аударымдар негізінде ескерілмейді (505 / 3,5% әлеуметтік аударымдар ставкасы = 14 428 теңге қалалықтар үшін және 7 228 теңге – ауылдықтарға), ал 1 ЕТЖ құрайтын болады (2019 жылы 42 500 теңге) деген сөз, яғни қалалықтар үшін 4 есе ал, ауылдықтар үшін 6 есеге артқан.

Сонымен қатар, бірыңғай жиын­тық төлемді  төлеушілерге жұмы­сынан айырылуы жағдайына әлеу­меттік төлемді қоспағанда, МӘСҚ әлеуметтік төлемдердің барлық түрі тағайындалуы мүмкін.

6. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері ЕТЖ жеті еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауы керек (2019 жылы: 40% * 297 500 теңге = айына 119 000 теңге).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<