Қостанай облысында 50 жыл жөндеу жұмыстарын көрмеген жолдар жөнделуде

192

0

Фото: Көлік министрлігі

Бұл — өңіраралық қатынасты қамтамасыз ететін жолдар. Қостанай облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру аясында 30 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады syrboyi.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасай отырып. 2025 жылдың соңына дейін облыста республикалық маңызы бар 516 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев «Мамлютка – Қостанай» тас жолының орташа жөндеу жұмыстары барысын тексерді. Осылайша, облыс орталығы Ұзынкөлден Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 70 шақырымды құрайтын жол учаскесі 40 жылдан астам жөндеу көрмеген. Жұмысқа екі мердігер ұйым тартылды.

Мамандар биылғы жылы негізгі жұмыс түрлерін аяқтайды. Жол екі облысты Қостанай және СҚО байланыстырады.

Ұзындығы 27 шақырым болатын «Жітіқара-Чайковский» жолына 50 жылдай асфальт төселмеген. Жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мамандар оның барлық ұзындығына асфальт төсеуде. Нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жол Ресей Федерациясына шығуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, «Жезқазған-Петропавл» жолын жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жұмыс 87 шақырымды қамтыды. Бұл жол еліміздің оңтүстігінен Арқалық қаласы арқылы Қостанай мен Петропавлға көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, учаскеде 53 дана көлемінде су өткізгіш құбырларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Министр жұмыс барысымен танысып, орындалатын жөндеу іс-шараларының мерзімдері мен жоғары сапасының сақталуына назар аударды.

Белгілі бір нысандарда жұмыстар аяқталуға жақын. Мәселен, Қостанай облысында орташа жөндеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде осы жылдың маусым айында Глазуновка және Лаврентьевка ауылдарының арасындағы ұзындығы 27 шақырымды құрайтын «Қостанай – Әулиекөл – Сурған» автожолының учаскесі пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, «Денисовка – Комаровка» тас жолының Тавриченко ауылынан Аршалы ауылына дейінгі 30 шақырымдық бөлігін жөндеу жұмыстары аяқталуда. Нысан осы аптада пайдалануға беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<