Мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады

864

0

«Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қызылорда қаласы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі С.Алдашбаев Тасбөгет кентінде қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуге жауапты сала басшылықтарынан бөлек, облыстық мәслихат депутаттары Н.Ибраев, А.Әбибуллаева, қалалық мәслихат депутаты Е.Мұсаев, «Ұлы дала заңгері» заңгерлік орталығының басшысы Н.Бәйменов қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың басым көпшілігі әлеуметтік көмек, мүгедектік топқа қатысты келіспеушіліктер, үй мәселесі, шипажайға бару мен емге қатысты сұрақтар қойып, кеңес алды. Бірқатар мәселе дереу арада шешімін тауып, ұсыныстар назарға алынды.

Айта кетейік, мұндай қабылдау қала мен оған қарасты елді мекендерде бір айға жалғасты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<