«Нотариат туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы

663

0

Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына  қол қойды.
Аталған Заңға сәйкес «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасындағы нотариус егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады. Енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес бүгінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам шығарылған (босатылған) күннен бастап бір жыл бойы; әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы; нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан шығарылған адам; нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айырылған адам; егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам да нотариус бола алмайды.
 Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 7 баптың 4 тармағына сәйкес, жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады. Сонымен қатар, көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық құжаттарға қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы жоқ. Аталған баптың 7 тармағына сәйкес, тағылымдамадан өтушінің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық әрекеттерді жасау, нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіптік білім мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өту мақсаты болып табылады.
Сондай-ақ 10 тармаққа сәйкес, бұрын тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін қорытынды, он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен бекітілетін болса, қазіргі таңда қортындыны он жұмыс күні ішінде нотариаттық палатамен бекітіледі. Сонымен қатар, жаңа толықтыруларға сәйкес, тағылымдамадан өту туралы қорытынды бекітілгеннен кейін ол үш жыл бойы жарамды болып табылады. Сонымен бірге 10 бап мынадай тармақтармен толықтырылған:
          Нотариус лицензиясының қолданысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа: Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк немесе ақы төленетін өзге қызметпен айналысқан, мерзімді әскери қызметті өткерген, нотариус өзінің тоқтата тұру мерзімі көрсетілген өтініші негізінде өкілеттіктерін орындамаған кезеңде тоқтатыла тұрады. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданысы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың жойылғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде лицензиар лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешiм шығарады. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiм Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомстволық баспасөз органында жарияланады. Нотариаттық палата қабылданған шешім туралы хабардар етіледі. Заңның 11-бабында Нотариусты лицензиясынан айыру жағдайлары көзделген. Осы Заңдағы «ар-ождан» деген сөздер «әдеп» деген сөзбен ауыстырылды және мынадай толықтырулар енгізілді: Прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда, яғни нотариустың көмекшісінің және (немесе) тағылымдамадан өтушісінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актіге қол қою фактісі анықталғанда деген тармақтармен толықтырылды. Сондай-ақ,  6) тармақша «лицензияның» деген сөздің алдынан «осы Заңның 10-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылды.  Сонымен қатар нотариустың құқықтары төрелік талқылауда төреші болып сайлану (тағайындалу) құқығымен толықтырылды. Нотариустың мiндеттерiне лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде, сондай-ақ лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда мөрін аумақтық әділет органына тапсыру, бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және нотариаттық палатаға хабарлау, кәсіби біліктілігін арттыру міндеттерімен толықтырылды. Сонымен қатар, Заң 24-1-баппен толықтырылды, яғни жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауаптылығы көзделген. Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады, яғни 26-2 баптың 1 тармағына, бұл ретте сол бір адам бір мерзімнен артық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды деп толықтырлыған. Сондай –ақ  Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы бір мерзімнен артық лауазымын атқара алмайды. Заң 26-3-баппен толықтырылды, Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы туралы, яғни Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылады. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің қатарынан, бес адамнан аспайтын құрамда қалыптастырылады.   Заңға сәйкес, Нотариаттық палатаның өкiлеттiгiне нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру толықтырылды.
Сондай-ақ, Заңдағы өзгерістерге сәйкес, жеке практикамен айналысатын нотариустардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауына бақылауды тек аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.

А.Косбергенова,
Қызылорда облысының Әділет департаментінің
құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік
көмек көрсету бөлімінің басшысы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<