Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус вакцинасын салдырды

380

0

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды. – Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды.

Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


inform.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз