Ойын алаңдары салына бастады

812

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Балалар жылына» тарту ретінде Сыр өңірінде  кәсіпкерлердің демеушілігімен 80-ге жуық спорт-ойын алаңы салынатынын жеткізген еді. Оның 50-і Қызылорда қаласында, 30-ы аудандарда бой көтереді.

Осы игілікті іс Қызылорда қаласынан бастау алды. Жергілікті кәсіпкерлер жаңадан салынатын ойын алаңдарының жер учаскелерін белгіледі. Мәселен, «Корпорация Алем-құрылыс» мекемесі «Бәйтерек» мөлтек ауданы, Бала-мекен елді мекеніндегі ойын алаңының жерін тегістеп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар аудандарда да жүргізілмек.

Еске салайық, өткен жылы 25 ойын алаңы пайдалануға берілді. Нысандар қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына орналастырылды.

Мұнан бөлек, биыл қалалық бюджеттен қала аумағына 3 ойын алаңын салу жоспарланған. Бұл нысандарды салуда халықтың сұранысы ескеріледі.

Айта кетейік, тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында биыл облыста 7 денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<