Праймериз ережелері түсіндірілді

875

0

Праймериз дегеніміз не? Оған кімдер қатысады? Негізгі мақсаты қандай? Осы және өзге де сауалдарға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова тікелей желіде жауап берді.

Партия филиалының фейс­бук желісіндегі ресми па­рақшасы арқылы ұйымдас­тырылған тікелей желіде ал­дымен  тұрғындарға 17 та­мыз бен 3 қазан аралығында өткелі отырған «Nur Otan» партиясының праймеризін өт­кізу тәртібі мен негізгі ере­желері түсіндірілді.

Еліміздің партиялық-сая­си даму тарихында алғаш рет жалпы республикалық кө­лемде өткелі отырған прай­мериздің негізгі мақсаты – пар­тиялық тізімдерді бә­секелі және айқын негізде қа­лып­тастыру. Яғни, ҚР Пар­ламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәс­ли­хаттардағы тиімді депу­тат­тық корпусты одан әрі қа­лыптастыру, партиялық же­лі бойынша ілгерілету, мем­лекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсеке­лестік күрес негізінде нақты және мықты көш­бас­шыларды анықтау, – деп ата өтті Ләйлә Төрешова.

Тікелей эфирді 100-ге жу­ық тұрғын та­маша­лап,  праймериз ережеле­ріне қа­тысты өздерін толған­дырған сауалдарына  жауап алды.

Желі барысында көпші­лікті праймеризге партия мү­шесі еместер қатыса ала ма? Дауыс беру неше күн жүреді? Кімдер дауыс береді? Дебатқа міндетті түрде қатысу қажет пе? Интернеті жоқ елді ме­кендерде дауыс беру қалай өтеді? Қатысамын деген аза­мат­тарға қандай талаптар қо­йылады деген сауалдар қызықтырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<