ПРАЙМЕРИЗ: кандидаттарға сәттілік тіледі

134

0

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы сырбойылық үміткерлердің арасындағы 47-ші жария пікір-сайыс өтті. Саяси додаға жеребе арқылы анықталған 4 үміткер қатысты. Додаға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова арнайы қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

– Бұл праймериз – нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Тұңғыш Президент-Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризді әділ әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысу­шылардың барлығы елдің ер­теңіне сеніммен қарайтын нағыз майталмандар деп бі­лемін. Облыстағы барлық прай­­меризге қатысушы кандидаттар дебаттарды тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктері мен біліктіліктерін көпшілікке көрсетуі тиіс. Осы орайда бар­лық үміткерлер алдағы дауыс беруде жоғары нәтиже көрсетіп, партияластарымыздың сеніміне ие болады деп сенеміз. Ал, дауыс беруші партияластарымыз қоғамның сеніміне ие болған, беделді көшбасшыларды анық айқындап, өз таңдауларын жасауы керек. Баршаңызға саяси додада сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімі.

Жария пікірсайыс ашық әрі тікелей эфирде өтті. Әрбір үміткер 5 минут ішінде өз бағдарламалары мен өзекті мәселелердің шешілу жолдарын баяндаса, екінші бөлімде сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты. Сондай-ақ, үміткерлер тікелей эфирде Facebook әлеу­меттік желісінен келіп түскен сауалдарға да жауап берді.

Облыс бойынша праймеризге 502 үміткер тіркелген. Бүгінгі күнге дейін 47 дебат ұйымдастырылып, олардың 248-і жария пікір сайысқа қа­тысқан. Саяси дебатта үміт­керлер жастардың жұмыс­пен қамтылуы, бұқаралық спорт­ты дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, ғылым мен білімді жетіл­діру, мүмкіндігі шектеулі азамат­тарға кедергісіз орта құру мәселесін қозғады.

Өз бағдарламаларының ба­­сым бағыттарын ұсынған кан­­ди­даттардың бірі комму­налдық қызметтерге  қатыс­ты тарифтерді арзан­дату, білім саласын цифрлан­дыру мәсе­лелерін алға тартса, енді бірі әр өңірдің ерекшелік­терін ескере отырып, ауыл шаруашалығы өнімдерін сақ­тайтын қойма салу, аналар мәртебесі туралы заң қабылдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жан-жақты қолдау шаралары туралы ұсыныстарды ортаға салды. 

Айта кету керек, жария пікірсайыс 28 қыркүйек күні аяқталады. Ал, 1-3 қазан аралығында үміткерлерге дауыс беріледі. Бұл мақсатта «Nur Otan»  партиясы облыстық филалы тарапынан дауыс беруге және дебаттарды өткізуге арналған 133 орын белгілеген.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз