Президент Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады

207

0

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады, деп хабарлады Қазақпарат.

«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Бұған дейін Амал күнінде кім кімге барып көрісуі керек екені туралы мәлімет жариялаған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<