Президент реформалары – саяси жаңғыруға қадам

750

0

Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында еліміздің жүзеге асатын реформаларға қатысты бес бағыт белгіленген еді. Бұл бағыттар жөнінде Президент VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында кеңінен атап өтті.

Президент атап өткеніндей, еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындылды. Бастамалар жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды.

Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді.

Бұл мәселелер халық тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Конституцияға толықтыру және өзгерістер енгізуге қатысты референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді.

Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Одан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдері сайланады. Бұл биліктің барлық институтының жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастауына септігін тигізеді.

Мемлекет басшысы жақында соңғы сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде елде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығына тағы тоқталды. Бұл тұста Президент 8 мәселеге ерекше мән берді.

Сауда кедергілерін жою және сауданы ырықтандыру арқылы іскерлік белсенділікті ынталандыру жаһандық экономика саласының кеңеюіне әкеледі. Негізінен сауданы ырықтандыру сауда, еңбек және жаһандану арасындағы тығыз байланыстың құрылуына ықпал жасайды. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты өндірістік әлеуетті барынша арттыру арқылы қанағаттандыруға болады. Өндірістік әлеуетті барынша арттырудың өсіп келе жатқан қажеттілігі экономиканы дамытудың тиімді жолдарын анықтай алатын құралдарды әзірлеудің маңыздылығын көрсетіп отыр. Инфрақұрылымды дамыту – экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі. Халықтың сапалы инфрақұрылымға үнемі өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін елеулі инвестицияларды талап етеді.

Есенжол НАЗАРОВ,

техника ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<