Қайрат Нұртас Ақтаудан қайта алмай қалды

1456

0

Ақтау халықаралық әуежайына апаратын жол жабық болғандықтан әнші Қайрат Нұртас әуежайға жете алмай қалды.

Бұл туралы sputnik.kz сайты видео жариялады.

3 қаңтарда Rixos Aktau-да концерт берген өнерпаз жарты жолдан Ақтауға кері қайтты. Артынша Қайрат Нұртас Маңғыстау облысының тұрғындарына қатысты ойын білдірді.

«Қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес. Дәл қазіргі жағдайда мен Батыстағы ағайынды қолдаймын. Себебі халықтың арасында жүргендіктен, Қайрат Нұртас болып қалыптасуымның себепкері халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге хақым бар. Халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан азық-түліктен бастап барлығы қымбат. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет басшыларынан «Халық – Алланың аманаты» екенін ұмытпауын сұраймын!», – деп жазды Қайрат Нұртас инстаграм-парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<