Қалқабай Әбенов атындағы байқауға қатысыңыз!

1027

0

Облыстық «Сыр бойы» газеті мен Қ.Әбенов атындағы қоғамдық қоры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қалқабай Әбенов атындағы «Тәуелсіздік толғауы» байқауын жариялайды.

Жалпы ереже

Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.

Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы ­ – «Сыр медиа» ЖШС.

Байқаудың мақсаты:

Жас журналистер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді насихаттау.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Ұйымдастыру комиссиясы құрылады.

Байқауға Тәуелсіздік жылдарындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы, жастар саясаты, ұлт­аралық татулық, жалпы, қоғам­ның бет-бейнесі туралы талдау, зерттеу тұрғысындағы еңбектер, тың тақырыптар (қазақ және орыс тілдерінде) жіберіледі.

Байқауға бұрын-соңды баспа бетінде жарияланбаған, ал, телеарнада тек байқау кезеңінде эфирден өткен материалдар жіберіледі.

Байқауға жасы 35-ке дейінгі бұқа­ра­лық ақпарат құралдарында жұмыс істей­тін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер, блогерлер, журналист-фрилансерлер қатыса алады.

Байқауға әрбір қатысушы баспа бойынша 2 не 3 материалын әрқайсысы 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Сондай-ақ, телеарна тілшілері еңбектерін бейнетаспа түрінде ұсына алады. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылуы, шынайылығы, жанр­лық шарт­тарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынық­ты­лығы, зерттеу әдістерін ен­гізе білу ерекшелігі есепке алынады.

Байқауға қатысушылар Ұйым­дас­тыру комиссиясына (Қы­­зыл­орда қаласы, ­Бейбарыс Сұл­­тан көшесі, 4 А, байланыс теле­­фоны: 8 (7242) 40-02-17, ­syrboyi@yandex.kz электрондық поштасына мы­надай құжаттарды қоса жібереді.

– Төмендегі деректер көр­сетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;

– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құрал­дары және 3х4 суреті.

– байқау материалының қағаз нұсқасы және бейнетас­па.

Байқауға жіберілген ма­териалдар авторларға қай­та­рылмайды. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқауды өткізу және қоры­тындысын шығару тәртібі:

Байқау үш кезеңнен тұрады:

– 2021 жылғы 10 қыркүйек пен 14 қазан аралығында бай­қауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;

– 2021 жылғы 15-20 қазан ара­лы­ғында материал­дарды са­раптау және жеңім­паздарды анықтау;

– 2021 жылғы 25 қазанда байқау жеңім­паздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

Байқау жеңімпаздары Қал­қабай Әбеновтің ұрпақтары атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Газет материалдары бойынша:

І орын -­ ноутбук

ІІ орын – ­ смартфон

Телевизиялық материалдар бойынша:

І орын­ – телевизор

ІІ орын ­ – смартфон

Блогер, журналист-фрилансерлерге:

І орын­ – ноутбук

ІІ орын – ­ смартфон

Ұйымдастыру комиссиясы

_______________________

Газета «Сыр бойы» и общественный фонд имени Калкабая Абенова объявляют ежегодный конкурс работ молодых журналистов, посвящённый 30-летию Независимости Казахстана.

Цель конкурса:

Поддержка творческой деятельности молодых журналистов  и творческой молодежи. Реализация Государственной программы по языковой политике в РК на 2020-2025г.

Тема конкурса:

К рассмотрению конкурсной комиссии принимаются работы по социально-экономическому, духовному и культурному развитию Казахстана за годы Независимости. Особое внимание уделяется межнациональному согласию и молодёжной политике.

Общее положение:

К участию в конкурсе допускаются любые авторские материалы на заданную тему (в том числе не опубликованные ранеев СМИ и не транслировавшиесяна телевидении). Авторами могут быть журналисты, писатели, блогеры в возрасте до 35 лет.

Члены конкурсной комиссии при рассмотрении заявок будут уделять внимание актуальности, степени раскрытия темы, использованию нестандартных подходов, а также особому стилю изложения и подачи материала.

Конкурс состоит из трех этапов:

– Прием заявок и регистрация участников конкурса – с 10 сентября по 14 октября 2021 года;

– Рассмотрение конкурсной комиссией печатных и видеоматериалов, определение победителей – с 15 по 20 октября 2021 года;

– Церемония награждения победителей конкурса по номинациям – 25 октября 2021 года.

Специальные призы для награждения предоставляет Общественный фонд им.КалкабаяАбенова.

Газетные материалы:

1 место  – ноутбук

2 место  – смартфон

Телевизионные материалы:

1 место – телевизор

2 место – смартфон

Блогеры, журналисты-фрилансеры:

1 место  – ноутбук

2 место  – смартфон

В заявку для участия в конкурсе входят:

– Сведения об авторе (ФИО, число, месяц, годрождения, место жительства)

– Фото 3Х4

– Указание места работы (должность) или учебы

– Конкурсная работа в печатном виде или видеоматериал на съёмном носителе.

Участники могут подать несколько своих работ. Объём каждой из них не должен превышать три страницыформата А-4 (размер 14, шрифт TimesNewRoman). Хронометраж видеоматериалов – не более 10 минут. Материалы, присланные на конкурс, авторам не возвращаются.

Заявки принимаются по адресу: г. Кызылорда, ул. Бейбарыс Султана, 4А. Конт. тел: 8 (7242) 40-02-17. Эл. почта: syrboyi@yandex.kz

Организационный комитет конкурса – ТОО «Сыр Медиа»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<