Қамшыбек Қоңқабаев «Құрмет» орденімен марапатталды

892

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» Жарлыққа қол қойды.Токио-2020 ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Мемлекет басшысы бірқатар спортшыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы қаулы шығарды.

Бұл туралы ел Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Сметов Елдос Бақтыбайұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы,

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Чиншанло Зульфия Салахаровна – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы,

«Құрмет» орденімен Асәділов Дархан Абсадықұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Берульцева Софья Полихроновна – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Бибосынов Сәкен Исмадияр угли – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Санаев Нурислам Валентинович – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Сон Игорь Сергеевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы наградталды» делінген жазбада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<