Қармақшы: Құс фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын

1538

0

Қармақшыда индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында басталған «Қармақшы құс» ЖШС-не қарасты фабриканың құрылысы аяқталуға жақын. Өндіріс орны іске қосылса жылына 1500 тонна құс етін өндіреді. Жобаның жалпы құны – 1,9 млрд теңге.

Бүгінде құс фабрикасының әкімшілік және бақылау-өткізу пункті, 6 құс цехы және инкубациялық цехтың құрылысы, құс сою цехының металл конструкциялық жабынын монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құс фабрикасының аумағы қоршалды.

Сонымен қатар, құс фабрикасын іске қосу мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен сыртқы электр және сумен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету үшін 393,2 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары  аяқталып, 14,376 шақырым 10 кВ электр желілері,  4,020 шақырымға су желілері, 0,06 шақырымға кәріз су желілері жүргізіліп, нысандарды қабылдауға тиісті жұмыстар атқарылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<