Қармақшыда ауыр атлетикадан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

619

0

Кеше Қармақшы ауданда спорт жанашыры Тілеуберген Айтжановты еске алуға арналған ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Спорт сайысының ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, Ел біріншіліктері мен халықаралық додаларда топ жарып жүрген зіл теміршілер мен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған, ауданымыздың мақтанышы Ерасыл Сәулебеков туралы сөз қозғап, турнирге қатысушы спорт саңлақтарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Пак Велори Викторович және Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Салықов Нұртілеу құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін жеткізді.

Турнирде Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан барлығы 100-ден астам ауыратлетшілер бақ сынауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<